2025 жылғы 16 ақпанда өткен Еңбек ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2025 жылғы 16 ақпанда өткізілген Жалағаш ауданының Еңбек ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы №149 учаскелік сайлау комиссияларының қоса беріліп отырған хаттамасы негізінде Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жалағаш ауданының Еңбек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Балханов Бахытберген Мархабаевич Жалағаш ауданының Еңбек ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланған болып есептелсін.
  3. 2025 жылғы 16 ақпанда өткізілген Жалағаш ауданының Еңбек ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысы туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.

 

Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы                Ш.Калыбаев

Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы                Д.Қожақұлова

 

Жалағаш кенті
№АСК-24/65
16.02.2025 ж.

Дата публикации
17 февраля 2025