2025 жылғы 16 наурызға тағайындалған Жалағаш ауданының
Аққыр ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі
негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
|
1. Жалағаш ауданының Аққыр ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкімдер) сайлауын тағайындау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 5 ақпан (113-1-б.1-т.2) тт.)
|
|
2. Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей (22-б. 2-т.)
|
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей (13-б. 4-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2025 жылғы 20 ақпаннанкешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|
5. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жалағаш ауданының әкімдігі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2025 жылғы 20 ақпаннан кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
|
6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 2025 жылғы 6 ақпанда басталады және 2025 жылғы 18 ақпанда сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б.) |
|
7. Әкімге болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы (4-б., 113-2-б.)
|
|
8. Әкімге болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Әкім болуға кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
|
9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.)
|
|
10. Кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т.,9-т.)
|
|
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат пен оныңжұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күнішінде (113-5-б. 3-т.)
|
|
14. Кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады 2025 жылғы 6 ақпанда басталады және 2025 жылғы 23 ақпанда сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б.)
|
|
15. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы орган және Аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.)
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
18. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы орган және Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
19. Сайлау учаскелері бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Жалағаш ауданыныңәкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2025 жылғы 23 ақпан (24-б. 5-т.)
|
|
20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беретін күнге он бескүн қалғанда 2025 жылғы 28 ақпаннанбастап (26-б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 7 наурызға дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2025 жылғы 13 наурыздан ерте емес және 15 наурыздан кеш емес (37-б. 3-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын Сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сайлау күні сағат07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.)
|
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссияға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін –дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 18 наурыздан кешіктірмей (113-10-б.)
|
|
29. Әкім сайлауының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2025 жылғы 22 наурыздан кешіктірмей (44-б.)
|
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастапжеті күн мерзімде Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2025 жылғы 22 наурыздан кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т. 2) т., 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.