АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 2024 жылы 5,32 млн АҚШ долларын нысаналы мақсаттарына пайдаланды

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асыру аясында 2024 жылы кәмелетке толған отандастарымыздың нысаналы жинақтарды пайдалануы бойынша алғашқы қорытынды шығарылды. Еліміздің азаматы болып есептелетін барлық балаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алғашқы қаражат есептелген сәттен бастап 01.01.2025ж. жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) шамамен 5,32 млн АҚШ долларына 53 001 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды).

Дата публикации
14 января 2025