«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялықзаңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын (2025 жылғы 21 қаңтардан кешіктірмей) тиісті бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаны пайдаланушылар хабарлау және жариялау тиіс екендігін ескертеміз.
Бұқаралық ақпарат құралдары, ақы төлеу мөлшері, эфирді және баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, таратуүшін эфир уақытын, баспа алаңын бере алмайды. Заңнаманың осы нормасынбұзу ҚРӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкеслауазымды адамдарға - 30 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша эфирден және баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер аумақтық сайлау комиссиясына берілуге тиіс.