«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясымен Жалағаш ауданының Еңбек ауылдық округінің шекарасы шегінде Еңбек ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округі құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және113–1-бабы 1–тармағының 2) тармақшасының негізінде Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 8 қаңтардағы №АСК-24/44 қаулысымен Еңбек ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 16 ақпанға тағайындалды.
Еңбек ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 9 қаңтарда басталады және 2025 жылғы 21 қаңтарда сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық құжаттарталапқа сәйкестігі анықталғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 26 қаңтарда сағат 18.00 аяқталады.
Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті Желтоқсан көшесі №32, Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты.
Телефондары: 8(72431) 31-7-19, 8(72431) 31-4-04, электронды поштасы jalsay2019@mail.kz
Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:Калыбаев Шарабан Максутович -төраға, Доспанов Танатар Сагалович – төраға орынбасары, Қожақұлова Даша Нұрмұратқызы – хатшы, комиссия мүшелері: Байымбет Нұрлан Ержанұлы, Бектаева Ақбөпе Алмасқызы, Кулумбаева Асия Мырзабековна, Кенжеғара Ержас Темірханұлы.
№149 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Еңбек ауылдық округі, Еңбек ауылы, Төлеген Дәуітбаев көшесі №5, “Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының “Аққошқар ауылдық мәдениет үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты. Телефоны: 8(724 31) 33-1-17, электронды почтасы: zhalsay149@mail.kz
№149 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Бейсенбаев Руслан Асылбекұлы- төраға, Жарылқасын Жомарт Талапұлы -төраға орынбасары, Аукенова Маржан Айтмагамбетовна-хатшы, комиссия мүшелері -Жылқайдар Ақерке Бексейтқызы, Көлбаева Алтынай Әділжанқызы, Қарабай Мақсат Төребекұлы, Маликова Шолпан Жарымбетовна.
Жалағаш ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы