«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9, 14, 44, 45,46, 111, 112- баптарына сәйкес және 2024 жылғы 8 желтоқсанда өткізілген Жалағаш аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың қорытындылары негізінде Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- № 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жалағаш аудандық мәслихатыныңшығып қалған депутатының орнына сайлау өтті деп танылсын.
- №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Дюсекбаев Гани Шаймерденович Жалағаш аудандық мәслихатының депутаты болып тіркелсін.
- Тіркелген депутатқа депутат куәлігі және төсбелгісітабыс етілсін.
- Жалағаш аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында және осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.
Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев
Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова