Таң ауылдық округі әкіміне кандидаттардың тіркелуі Жалағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

«Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының аумақтық  сайлау комиссиясы хабарлайды.

Жалағаш ауданының  сайлау комиссиясының 2024  жылғы 22 тамыздағы  шешімімен 2024  жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Таң ауылдық округі әкімінің сайлауында төмендегі азаматтар  кандидаттар болып тіркелді.

 

1.Ибраев Дәурен Сәбитұлы   – 1990  жылы туған, қазақ, «Бұқарбай батыр  ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман, Бұқарбай батыр  ауылында  тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған.

2.Сакиев Айдар Нұрмағанбетұлы- 1993 жылы туған, қазақ, "Жалағаш ауданы әкімінің аппараты" КММ, бас инспектор, Жалағаш кентінде тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған.

3.Сейдахметов Кайрат Бегимович   – 1979  жылы туған, қазақ, «Таң  ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ,  әкім,  Таң  ауылында  тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы  ұсынған.

 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
22 августа 2024