Жалағаш ауданының Таң ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2024 жылғы  20 тамыз  күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Жалағаш  ауданы бойынша Таң ауылдық округі  әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 1-уі (33,3 %) – саяси партиядан, 2-еуі (66,7 %) – өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

«AMANAT» партиясы 1 кандидат ұсынды.

Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамды құрады.

         Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу  2024 жылғы 25 тамыз  күнгі сағат 18-00 де аяқталады.

         Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.

 

Жалағаш  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
21 августа 2024