Тілдік ахуалды бейнелейтін басты көрсеткіш – құжат айналымы. Осы ретте мемлекеттік органдардағы шығыс құжаты да жоғарғы көрсеткішке ие. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде шығыс құжатының үлесі 100 пайыз.
Бюджеттік сала қызметкерлерін мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін оқыту шаралары облыстық тілдерді оқыту орталығы арқылы жүргізілуде. Мемлекеттік тілді оқығандар саны -108, ағылшын тілін оқығандар саны -60, орыс тілін оқығандар саны –60 адам.
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруді қолдау бағытында аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде 3 мақала жарияланды.
Білім және ғылым министрлігі әзірлеген мемлекеттік тілді қолдануды ынталандыру мақсатындағы ақпараттық бейнеблоктар аудандық және спорт бөлімінің (Facebook ) әлеуметтік желісінде насихатталып келеді.
Көрнекі ақпараттың пайдалануын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі басты назарда.
Ағымдағы жылдың VΙ тоқсанында Жалағаш ауданының мәдениет және спорт бөлімі мен «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының» мемлекеттік тіл мамандарының қатысуымен аудан көлемінде жарнама тілін сауаттандыру бойынша кезекті түсіндірме жұмысын жүргізді.
Жаңадан ашылған 15 нысан иелеріне (дүкендер, жарнама агенттігі, мейрамхана, сән салондары, т.б.) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-баптың талаптары жазылған әдістемелік құралдар, жаднамалар әзірленіп таратылды. Сонымен қатар, рейд барысында заң талаптарын сақтамаған нысан иелерімен жарнама тақтайшалары алып тасталынды.
Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазу, қазақ тіліндегі мәтіндердің сапалы жазылуына, орын алған қателіктерді түзету және олардың алдын алу мақсатында жарнама агенттіктерімен бірлескен іс-шаралар өз нәтижесін беруде.
Аудандағы шағын және орта бизнес өкілдеріне көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау және реттеу мақсатында whatsapp, телеграмм әлеуметтік желілері арқылы әдістемелік көмек көрсету ұсынылған.
Ономастика саласы бойынша тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылауға қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттары сақталып келеді.
«Жалағаш ауданындағы жер-су атауларының тарихы» тарихи-танымдық жобасы іске асырылуда. Жоба аясында Мақпалкөл ауылдық округінде орналасқан мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің туған жері «Қараның қыстауы» деп аталу тарихы туралы бейнематериалдар шығарылымы әзірленіп, Facebook әлеуметтік желісіне жарияланды.
«Тарихи тұлғалар» тізімін өзектендіруге мақсатында облыстық ономастикалық комиссияға 17 тұлғаның есімі ұсынылды.