2022-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасының 2023 жылдың 4 тоқсанына орындалуы

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бағытында аудан бойынша жыл басынан 158 жоба 4546,2 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Оның ішінде, мал шаруашылығы 101 жоба 1503,3 млн теңге, егін шаруашылығы 11 жоба 1003 млн теңге, ауыл шаруашылығы және арнайы техникасын сатып алу 18 жоба 700,2 млн теңге, өңдеу саласы бойынша 7 жоба 361,2 млн теңге, қызмет көрсету 10 жоба 166,4 млн теңге және басқа да түрлері бойынша 11 жоба 811,7 млн теңге қаржыландырылды.

2022-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банк арқылы несиенің пайыздық ставкасын субсидиялау бағыты бойынша 12 жоба 868,7 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Агро Несие Корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалының жеке қаражаты есебінен 68 жоба 904,3 млн теңгеге қаржыландырылды.

 «Қызылорда» Өңірлік инвестциялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің «Іскер» «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 28 жоба 273,5 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Агробизнес» бағдарламасы аясында «Ауыл» несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы 34 жоба 2377,4 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Каз Агро Қаржы» АҚ және «Ком Транс Лизинг» ЖШС арқылы 2 жоба 16,5 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Байқоңыр ӘКК» АҚ  «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 14 жоба 105,6 млн. теңгеге қаржыландырылды.

 

Дата публикации
26 января 2024