Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының 2023 жылдың 4 тоқсанына орындалуы

    Діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы жоба аясында ораза айт мерекесіне орай аудандық «Иманқұл» мешіті жанында мешіт жамағаты арасында  ұлттық  спорттың  4  түрінен (арқан тарту, қазақ күресі, қол күрес, гір көтеру) сайыстар өткізілді. Жарысқа кент және ауылдық округтерден 15 команда қатысып жарыс жеңімпаздары атанған командаларға «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық  қорының алғыс хаттарымен және  қаржылай  сыйлықтары  табысталды.  

          Діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы жоба аясында діни қызмет саласындағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында республикалық деңгейдегі дін саласының білікті мамандары республикалық және облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бақтияр Оспанов, республикалық және облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, салт-дәстүрді зерттеуші, «Салт пен Сана» кітабының авторы Сәкен Алдашбаевпен аудандық ақпараттық-түсіндірме тобы, аудан жастары және үкіметтік емес ұйымның жетекшілерінің қатысуымен кездесу өткізілді.

          Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Сәкен Салтан Сайранұлымен «Әлеуметтік желі және діни радикализм» тақырыбында аудан жастары және үкіметтік емес ұйымның жетекшілерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Жоба аясында ұлттық құндылықтар, ұлттық мәдени-қазыналар, салт-дәстүр тақырыптарында 2 минуттық бейнеролик әзірленді. 

           Дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу әлеуметтік жобасына 2023 жылы мамыр айынан бастап 16 дін қызметкері тартылып, діни-ағартушылық жұмыстар жүргізіліп, тиісті жалақылары (әр имамға 70,0 мың теңге) төленіп келеді.

          Бұл бағытта дін қызметкерлері өздері қызмет ететін ғибадат үйлеріне (мешітке) келушілер арасында мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіру және діни-ағартушылық бағытта 350 іс-шара өткізілді.

           Кездесуге  елді  мекен  деңгейінде кемінде 10 келуші, аудан орталығы деңгейінде  кемінде 20 келуші, барлығы 1520 адам қатыстырылды.

        Жоба аясында республикалық  ақпараттық-насихат  тобының мүшесі Каюпов Исламның, жастар арасында кеңінен танымал  Аманов Нұрланның ауданымызға келіп аудан тұрғындарымен кездесуі әлеуметтік желілерде жарияланып, желі пайдаланушылар тарапынан оң пікір қалыптастырылуда.

Аудан көлемінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына  қарасты  15  мешіт  жұмыс  жасайды.10 мешітте 24 дана бейне бақылау камералары орнатылған.

         

Дата публикации
26 января 2024