Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2023 жылдың 4 тоқсанына орындалуы

Аудандағы 35 мектепке дейінгі ұйымда (10 мемлекеттік, 24 жекеменшік,1 шағын орталық) 3048 бала тәрбиеленуде. 3 жастан 6 жасқа дейін балаларды қамту көрсеткіші 100%. Жеке балабақшалардың үлесі 63,8%. 24 жекеменшік балабақшаның 14-і кентте, 10-ы ауылдық жерде орналасқан.

Кентте орналасқан 5 балабақшаның (Арай, Жауқазын, Күншуақ,№19 санаторий, Ақмаржан) 3-уі ( Күншуақ, №19 санаторий, Ақмаржан) табиғи газбен жылыту жүйесіне қосылды. Арай, Жауқазын балабақшасын газ жүйесіне қосуға жоба сметалық құжатын дайындауға бюджеттік өтінім тапсырылды.

Ауданда 20 мектеп жұмыс жасайды. Оқушы саны 7063.

2023-2024 оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 628 оқушы қабылданды.

2023 жылы  мектепті 356 түлек аяқтап, Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен білім беру гранты конкурсына қатысқан 302 талапкердің 86%-ы немесе 260 түлек грант иегері атанды. 17 түлекке «Алтын белгі» табысталды. Конкурсқа қатысқан 17 талапкердің 17-і мемлекеттік білім беру грантын иеленді.

Жалпыға міндетті оқу қоры аясында тиісті көмек түрлерін алатын арнайы санаттағы отбасылардан шыққан (тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған) 3986 бала ыстық тамақпен қамтылуда (2073-і бала АӘК (АСП) алатын, аз қамтылған отбасы балалары, 1913 1-4 бастауыш сынып оқушылары).Атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алатын, аз қамтылған отбасыларындағы 2073 баланы киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін 83,0 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Жалағаш ауданында 1 оқушылар үйі, 1 өнер мектебі және
2 спорт мектебінде 2300 бала қосымша біліммен қамтылды.Ағымдағы оқу жылында 20 мектеп жанындағы 126 үйірмеге 1825 бала қатысты.

Жалағаш ауданында 301 ерекше білім алуды қажет ететін бала бар.

Жалағаш кенті орталығындағы №31 мектеп-гимназиясы, Бұқарбай ауылындағы №33 мектеп ғимаратына күрделі жөндеуге байланысты жобалық-сметалық жұмыстары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

Материалдық техникалық базаны нығайту бағытында аудан мектептері 100% кең жолақты интернет желісіне қосылған. Сонымен қатар, бүгінгі күні мектептер 95% жаңа модификациялық физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен жабдықталған.

Дата публикации
26 января 2024