2023 жылы аудан бойынша 37 079 гектар егін егілді. Оның ішінде 19 800 гектар күріш, жаздық бидай 750 га, қант құмайы 70 га, соя 64 га, мақсары 520 га, сүрлемдік жүгері 700 га, сұлы 5 га, жаңа жоңышқа 4850 га, ескі жоңышқа 7200 га, картоп 646 га, көкөніс 1108 га және бақша өнімдері 1296 га дақылдары.
Күріштің әр гектарынан 57,3 центнерден өнім алынып, барлығы 113454 тонна өнім жиналды. Бидайдан 615 тонна, арпадан 61,2 тонна, сұлыдан 7 тонна, қант құмайынан 287 тонна, мақсарыдан 462 тонна, жүгеріден 2940 тонна, соядан 112 тонна, картоптан 7558 тонна, көкөністен 19 002 тонна, бақшадан 28 382 тонна өнім жиналды.
Егін жинау жұмыстарына 1120 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. 275 комбайн, 498 трактор, 121 жатка, 58 жүк көлігі, 168 трактор тіркемелері бар.
2023 жылы 659,1 млн теңгеге 20 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
2024 жылдың егін орналастыру жұмыстарына дайындық барысынды аудан шараушылықтары жоспарланған 13 000 га жерге сүдігер жырту жұмыстары жүргізілді.
Мал шаруашылығы туралы
Аудан көлемінде барлығы 40206 бас мүйізді ірі қара, 41 364 бас уақ мал, 22351 жылқы, 801 бас түйе, 60 бас шошқа, 10585 бас құс өсірілуде.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 106,0 %, жылқы 110,2
түйе 109,3 %, уақ мал 97,8 % , құс 101,1% орындалды.
2023 жылдың 1 желтоқсанына барлығы 3577,6 тн (тірілей салмақта) ет, 10444,4 тн сүт, 213,7 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 101,5 пайызға, сүт 101,2 пайызға, жұмыртқа 100,9 пайызға орындалды.
Бір сиырдан сауылған сүт өткен жылмен салыстырғанда 1,0 пайызға, жұмыртқа 3,1 пайызға артты.
138 шаруашылық мал өсірумен айналысады. Оның ішінде тікелей сыбаға бағдарламасымен 118 шаруашылық айналысады.
Аудан бойынша 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Боранбай ШҚ, Еркебұлан ЖК), 3 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Бақдаулет 57, Туған жер ШҚ, Атамекен ШҚ) айналысуда. Алдағы уақытта сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК 2022 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы «Жандос» ШҚ-нан қосымша 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен сатып алып жұмыс жасауда.
«Бақдаулет-57» ФҚ типтік жобадағы МІҚ мал қорасы бар. Сүт бағытындағы аналық малдарды ұстауға реконструкция жасап, Чехия мемлекетінен 32 бас сиыр әкелінді.
«АгроЛидер Таң» ЖШС жанынан мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу цехы жұмыс жасауда. Цехта тәулігіне 0,5 тонна ет өңделіп, 15 түрлі өнім дайындалып облыс көлеміндегі сауда орындарына өткізіледі. 8 адам жұмыспен қамтылды.