2020 жылдың алғашқы жарты жылдығында БЖЗҚ салымшылары 8,5 миллионнан аса қызметті онлайн форматта алды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) сырқаттану жағдайларының көбеюіне байланысты қауіпті вирустың таралуына жол бермеу және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шектеу шараларын енгізген болатын және өңірлік филиалдардың бір бөлігі қашықтықтан және байланыссыз қызмет көрсету режиміне ауыстырылып, жұмыстарын сол тәртіппен жалғастыруда. Десек те, бірқатар шектеулерге қарамастан, БЖЗҚ салымшылары қызметтерді толық көлемде алуда.

Дата публикации
05 августа 2020