«2023 - 2025 жылдарға арналған Аламесек ауылдық округінің бюджеті туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №31-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

     «2023 - 2025 жылдарға арналған

Аламесек ауылдық округінің

бюджеті туралы» Жалағаш аудандық

мәслихатының  2022 жылғы

27 желтоқсандағы №31-5 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2023 – 2025 жылдарға арналған Аламесек ауылдық округінің бюджеті туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №31-5 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023 – 2025 жылдарға арналған Аламесек ауылдық округінің бюджеті осы шешімнің тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 

1) кірістер – 102 247,5 мың теңге, оның ішінде: 

cалықтық түсімдер – 2 308,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер –0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 99 939,0 мың теңге;  

2) шығындар – 104 133,1 мың теңге;           

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 1 885,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 885,6 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –  1 885,6  мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жалағаш аудандық

мәслихатының төрағасы                               

                         

Дата публикации
13 сентября 2023