Жалағаш кенті 2023 жылғы 21 ақпан
Төрағалық еткен: Б.Шілдебаев
Қатысқандар: тізім бойынша
Жалағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің және Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтаманы талқылау _________________________________________________________________
/Б.Шілдебаев, Ж.Кашакова, Ж.Тапаев/
Ұсынылсын:
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарының бұзылуына жол бермеу;
- Бөлімдерде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаларға назар аударылсын және ол бойынша нормативтік актілерге түзетулер (өзгерістер мен толықтырулар) енгізу жөнінде уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
- Бөлімдердің негізгі қызметтері мен жеке және заңды тұлғалармен байланысатын бағыттары бойынша ашық, әрі қолжетімді түрде бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар жариялау;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, орындалуын қатаң бақылауға алуды.
Қоғамдық кеңес төрағасының
міндетін атқарушы Б.Шілдебаев
Хатшы Н.Көпжасар