Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бастап 428,2 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткіштерден 12% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95% астамы БЖЗҚ - ға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түрінде аударылған түсімдердің үлесінде, оның сомасы – 408 млрд теңге, ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 20 млрд теңгеден астам, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 134 млн теңгені құрады.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша заңды тұлғалар 385 млрд. теңгеден астам, жеке тұлғалардан – 21 млрд. теңге, ал бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден 2 млрд. теңге аударылды.
Өзінің жеке зейнетақы шоттарын биыл кем дегенде бір рет (2020 жылғы қаңтар – мамыр) толтырған белсенді салымшылардың жалпы саны 8,3 млн. адамнан асты. Бұл 2019 жылғы белсенді салымшылардың санынан 1,2 есе көп, ол кезде бұл көрсеткіш 6,6 млн. адам болды.