Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні Жалағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Жалағаш кенті әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстар туралы» Жалағаш кентінің әкімі М.Жамалатов және «Аққұм ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстар туралы» Аққұм ауылдық округінің әкімі А.Асанбеков баяндады.
Комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімі А.Есжанов заң талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті екенін айтып, барлық қызметкерлерді сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуға шақырды.