Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні Жалағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

         Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Мал ұрлығы қылмыстарының алдын алуда атқарылып жатқан шаралар туралы» және «Жол-көлік оқиғаларының алдын алуда атқарылып жатқан шаралар туралы» Жалағаш аудандық полиция бөлімінің бастығы Т.Лекеров баяндама жасады.

         Комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімі А.Есжанов тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Дата публикации
30 марта 2023