Әлемде коронавирустық індетінің (COVID-19) таралуына орай қалыптасқан қиын жағдайда адамдар үйде отыр, олардың көшеге шығуға мүмкіндіктері жоқ. Алайда бұл БЖЗҚ салымшыларына Қордың электрондық сервистері арқылы қызметтердің барлық спектрін алуға еш кедергі келтірмейді.
2020 жылдың бірінші сәуіріне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры көрсеткен 4,7 миллион қызметтің 84,5% (3,9 млн.) электрондық форматта орындалды. 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда өсім 6,8 % құрады. Көріп отырғанымыздай, біздің салымшылар ақпарат берудің дәл осы тәсілінің тиімді екеніне күн сайын көз жеткізуде.
Мысалы, Жеке кабинетте тіркеліп, ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуға және өз жинақтарыңызды екі-үш рет басу арқылы онлайн тәртібінде бақылауға болады. Осылайша 2020 жылдың үш айында БЖЗҚ салымшылары мен алушылары үйден шықпай-ақ жеке зейнетақы шотынан 3,9 миллион үзінді көшірме алды. Айта кету керек, Жеке кабинеттің артықшылығы – оны Сіз www.enpf.kz корпоративтік сайтында да, біздің ENPF ұялы қосымшамызда да пайдалана аласыз.