ШЕШІМ ЖОБАСЫ
“2020 – 2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы №50-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
“Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі” Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 109-бабына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
“1. 2020 – 2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 12 274 766,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 146 810 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 7 010 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 27 144 мың теңге;
трансферттер түсімі – 11003143,3 мың теңге;
2) шығындар – 13 071 696,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 810 815,8 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 951 877,8 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 141 062 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 607 745,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 607 745,6 мың теңге;
қарыздар түсімі – 1 741 545,8 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 147 441 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 13 697,7 мың теңге.”.
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Жалағаш аудандық Жалағаш аудандық
мәслихатының ___ - сессиясының мәслихатының
төрағасы хатшысы
____________________ М. ЕСПАНОВ