Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдері туралы ережені бекіту туралы

  1. Ұйымдастыру-бақылау бөлімі Жалағаш ауданы әкімдігінің «Жалағаш ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Ұйымдастыру-бақылау бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Ұйымдастыру-бақылау бөліміннің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
55 қаз
Дата публикации
03 мая 2017