Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің электронды әкімдікті интеграциялау, дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі туралы ережені бекіту туралы

  1. Цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі Жалағаш ауданы әкімдігінің «Жалағаш ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның лауазымды адамы бекітеді.
Дата публикации
19 августа 2016