Сағат 7 :00-ге сайлау учаскесін ашу туралы

Жалағаш ауданы бойынша 2022 жылғы 31 шілдедегі  жергілікті уақытпен сағат 07.00-де  М.Шәменов атындағы ауылдық округіндегі №133 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.

Сайлаушылардың сайлау учаскесіне келуі туралы келесі ақпарат Жалағаш  аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, және сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 20.00-де ұсынылатын болады.

 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
31 июля 2022