2022 жылдың 15 мамырына тағайындалған Жалағаш кенті, Еңбек, Мақпалкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауына дйындық туралы

Жалағаш  ауданы, Жалағаш кенті, Еңбек, Мақпалкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауда дауыс беру а.ж. 15 мамырда жергілікті уақытпен сағат 7:00 де басталады.

3 сайлау округтері бойынша әкімнің лауазымына   14 кандидат ұсынылған.

Саяси партиямен ұсынылған кандидат саны – 2 («AMANAT» партиясы), 12-і - өзін-өзіұсынғандар.

Өзін-өзі ұсынған 2 адам өз өтініштеріне сәйкес кандидат болудан бас тартты, тіркелген 3 кандидат өз өтініштеріне сәйкес тіркеуден шығарылды.

Сайлауға қатысатын кандидаттар саны - 9

Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Жалағаш кенті, Еңбек, Мақпалкөл ауылдық округ әкімдер сайлауды ұйымдастырып, өткізуге 10 сайлау учаскесі, учаскелік сайлау комиссияларының 68  мүшесі және аудандық  сайлау комиссияларының 7 мүшесі тартылған.

Тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11381  адамды құрайды.

Жалағаш сайлау округінде – 9525, Еңбек сайлау округінде – 843, Мақпалкөл сайлау округінде -1013 адамды құрайды.

 

Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы:

 

Тіркелген 9  кандидат, оныңішінде 4 – мемлекеттік қызметкер, 5 – бюджеттік сала қызметкері,

Кандидаттардың 8- ы  ер, 1–еуі әйел адамдар.

Кандидаттардың ешбірінің ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.

Мамандықтар бөлінісі бойынша: 4-еуі (44,4 %) – мұғалім , 2-і (22,2%) – заңгер,2-і (22,2%)  экономист, 1-і (11,1%)  инженер,

Кандидаттардың орта жасы - 49, ең жасы –34 жаста, егделісі – 55 жаста.

Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ.

9 кандидаттың 8-і сайлау өтіп жатқан ауылдық округте және кентте тұрады. 1 – еуі басқа ауылдық округте тұрады.

Сайлау бюллетень дері сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпысанының 1 пайызы резервімен әзірленіп, сайлау учаскелеріне жеткізілді. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар хатталып, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.

Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Ортсайлаукомның қаулысымен бекітілген Нұсқаулығына сәйкес жабдықталған.

Сайлау учаскелерінде кандидаттарт уралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттар, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.

КОВИД-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сайлау комиссиялары бір ретік қорғаныс бетперде, қолғап, қалқанша, халаттың қажетті санымен және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген. Сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге дайын.

 

Сайлау бюллетеньдеріне Т.А.Ә. енгізілген кандидаттардың тізімі:

Жалағаш кенті әкіміне кандидаттардың тізімі:

  1. Есенәлиев Нұржан Оспанұлы
  2. Жамалатов Мардан Сырмағанбетұлы
  3. Ильясов Дархан Мырзамуратович

Еңбек ауылдық округі әкіміне кандидаттардың тізімі:

  1. Жиенбекова Алия Ибрагимовна
  2. Қалданов Қайрулла Жетпісұлы
  3. Сариев Мурат Болатович

Мақпалкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттардың тізімі:

  1. Досаев Қанат Нұрланұлы
  2. Костанбаев Нурлан Мирамбекович
  3. Тунғышбаев Бауыржан Умирзакович
Дата публикации
13 мая 2022