ШЕШІМ ЖОБАСЫ
“2020 – 2022 жылдарға арналған Бұқарбай батыр ауылдық
округінің бюджеті туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №51-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
“Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі” Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1-бабына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
“1. 2020 – 2022 жылдарға арналған Бұқарбай батыр ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 145 680 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 967 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 135 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
трансферттер түсімдері – 142 578 мың теңге;
2) шығындар – 146 520,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 840,4 мың теңге.”.
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Жалағаш аудандық Жалағаш аудандық
мәслихатының ___-сессиясының мәслихатының
төрағасы хатшысы
_______________ М. ЕСПАНОВ