Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізбесі ұсынылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі №11 мекен-жайында орналасқан "Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың 3 сәуір сағат 900 - ден бастап 2020 жылдың 17 сәуір сағат 1900 - ге дейін қабылданады.
Конкурс өткізу Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі №5 мекен-жайындағы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалы мәжіліс залында ағымдағы жылдың 20 сәуір күні сағат 1000 - ден бастап өткізіледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және рәсімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Байланыс телефоны: 8(724 - 32) 3 -55-02, 3-55-63