Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Аламесек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 заңының 36 және 36-1 баптарын басшылыққа алып, Аламесек ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Аламесек ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 14 маусымға (дүйсенбі) тағайындалсын.

2.Әкімдікке кандидаттарды ұсыну сайлау күніне 30 күн қалғанда басталып , мамыр айының 15-19 аралығы болып, кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталып, сайлау күніне 15 күн қалғанда 30 - мамырда аяқталатын болып белгіленсін.

3.Осы қаулы «Жалағаш жаршысы» газетінде жариялансын.

 

 

 Комиссия төрағасы      С.Алиев

Комиссия хатшысы      А.С.Мадиева

№АСК- 01/72 қаулы
Дата публикации
11 мая 2021