«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының 36 және 36-1 баптарын басшылыққа алып, Мәдениет ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Мәдениет ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 31 мамырға (дүйсенбі) тағайындалсын.
2.Әкімдікке кандидаттарды ұсыну сайлау күніне 30 күн қалғанда басталып , мамыр айының 1-5 аралығы болып, кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталып, сайлау күніне 15 күн қалғанда 16 - мамырда аяқталатын болып белгіленсін.
3.Осы қаулы «Жалағаш жаршысы» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы С.Алиев
Комиссия хатшысы А.С.Мадиева