Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясы
ҚАУЛЫ
Жетінші шақырылған Жалағаш
аудандық мәслихатының бірінші
сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 10-бабының 9)тармағына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетінші шақырылатын Жалағаш аудандық мәслихатының бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 15-00 де Жалағаш кентінде шақырылсын.
2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы С.Алиев
Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы А.Мадиева
АСК № -01/68 13 қаңтар 2021 жыл