2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш ауданы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі   іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Жалағаш аудандық  сайлау комиссиясының қаулысы

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш ауданы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі   іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының                                               2), 8) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/99  «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысын, Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы отырысының  2026 жылғы 13 қазандағы № 30 хаттамасын негізге алып,  Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш ауданы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы Жалағаш ауданы бойынша  Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.    

3. Осы қаулы Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 Төраға                                                     Ш.Калыбаев 

 Хатшы                                                     Д.Қожақұлова

 

 Жалағаш кенті,

2026 жылғы 13 қазан,

№ АСК-24/206

Дата публикации
14 октября 2026