2026 жылғы 21 маусымда өткізілген Жалағаш ауданының Ақсу және Жаңаталап ауылдық округтері әкімдерін сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы

     «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және  2026  жылғы  21 маусымда  өткізілген Жалағаш ауданының Ақсу  және Жаңаталап   ауылдық округі әкімдерін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының қоса беріліп отырған хаттамалары негізінде Жалағаш  аудандық   сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жалағаш ауданының Ақсу  және Жаңаталап   ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Жалағаш ауданының Ақсу ауылдық округінің  сайланған әкімі болып Сығайбаев Мейрамбек Серікұлы  есептелсін.
  3. Жалағаш ауданының  Жаңаталап   ауылдық округінің сайланған әкімі болып Абдикалыков Куаныш Боранбекович  есептелсін.
  4. 2026 жылғы 21 маусымда өткізілген Жалағаш ауданының Ақсу   және Жаңаталап  ауылдық округі әкімдерін сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.
Дата публикации
21 июня 2026