2026 жылғы 12шілдеге тағайындалған Аққыр ауылдық округі әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес Жалағаш  аудандық  сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Жалағаш ауданының Аққыр ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округтегі сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, яғни  кемінде 5 (бес ) қол санында белгіленсін.
  2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  3. Осы шешім Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

Жалағаш  аудандық  сайлау

 комиссиясының төрағасы                                       Ш.Калыбаев

Жалағаш  аудандық  сайлау

комиссиясының  хатшысы                                       Д.Қожақұлова

АСК-136

18 маусым 2026 жыл

Дата публикации
18 июня 2026