Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармағына, 113-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026жылғы 3 маусымдағы №АСК-24/187 қаулысымен Аққыр және М.Шәменов атындағы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалды.

Аққыр және М.Шәменов атындағы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы4 маусымдабасталады және 2026 жылғы16 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу кандидаттың барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2026 жылғы 21 маусымда сағат 18.00 аяқталады.

Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №32, Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты.

Телефондары:8(72431) 31-7-19, 8(72431) 31-4-04, электронды поштасы jalsay2019@mail.kz

Жалағаш аумақтықсайлау комиссиясының құрамы:Калыбаев Шарабан Максутович -төраға, Доспанов Танатар Сагалович - төраға орынбасары, Қожақұлова Даша Нұрмұратқызы - хатшы, комиссия мүшелері: Байымбет Нұрлан Ержанұлы, Бектаева Ақбөпе Алмасқызы, Кулумбаева Асия Мырзабековна, Кенжеғара Ержас Темірханұлы.

№133 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: М.Шәменов ауылдық округі, М.Шәменов ауылы, Бұқарбай батыр көшесі №6, М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының «М.Шәменов ауылдық мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

Телефоны: 8 (724 31) 37-6-06

№133 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы:Досжанов Ерболат Бақытжанұлы -төраға, Есетов Кенжебек Сарбасұлы - төраға орынбасары, Қарақаева Бекзат Бүркітбайқызы - хатшы, комиссия мүшелері -Нагизбекова Гульнар Ибраевна, Сейтжанова Тамара Кожамуратовна.

№140 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Аққыр ауылдық округі, Аққыр ауылы, Нұрылда Таспенов көшесі №4, Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің «№188 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

№140 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Бектұр Мардан Болатбекұлы -төраға, Сисенова Шынаркуль Каипназаровна - төраға орынбасары, Куттыбаева Майра Келдибековна - хатшы, комиссия мүшелері - Қошқарбай Асылхан Молдамұратұлы, Өтешова Инабат Сағындыққызы.

 

Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
03 июня 2026