2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Жалағаш ауданының Аққыр және М. Шәменов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауларын әзірлеу мен өткізу жөніндегінегізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР

 

1. Аққыр, М. Шәменов ауылдық округтері әкімдерінің (бұдан әрі - әкімдер) сайлауларын тағайындау

 

Аумақтық сайлау комиссиялары

2026 жылғы 3 маусым

(113-1-б.1-т.1), 2)тт.)

2. Әкімдерсайлаулары жөніндегі тиісті сайлау округтерінің шекараларын және Аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерін көрсетіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 13 маусынанкешіктірмей

(22-б. 2-т.)

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 13 маусымнанкешіктірмей

(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылғы 18 маусымнан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жалағашауданының әкімдігі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылғы 18 маусымнан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2026 жылғы 4 маусымда басталады және 2026жылғы 16 маусымда сағат 18:00-де аяқталады

(113-3-б.)

7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аумақтық сайлау комиссиялары

(4-б., 113-2-б.)

8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аумақтық сайлау комиссиялары

Әкім болуға кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарғақолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аумақтық сайлау комиссиялары

КандидаттыңКонституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аумақтық сайлау комиссияларықұжаттандыру және паспорттар мен жекекуәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.,9-т.)

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2026 жылғы 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

14. Кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аумақтық сайлау комиссиялары

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады

Тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2026 жылғы 21 маусымда сағат 18:00-де аяқталады

(113-5-б.)

15. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиялары

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Аумақтық сайлау комиссиялары

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

19. Сайлау учаскелері бойынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну

 

Жалағаш ауданының әкімдігі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2026 жылғы 21 маусым

(24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бескүн қалғанда

2026 жылғы 26 маусымнан бастап

(26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 1 шілдеге дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Аумақтық сайлау комиссиялары

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2026 жылғы 9 шілдеден ерте емес және 11 шілдеден кеш емес

(37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

Сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сайлаукүні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесі бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін - дереу

(43-б. 8-т.)

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманыАумақтық сайлау комиссияларынаұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін -дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауларының қорытындыларын белгілеу

 

Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2026жылғы 15 шілдеден кешіктірмей

(113-10-б.)

 

29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026 жылғы 18 шілдеден кешіктірмей

(44-б.)

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастапжеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2026 жылғы 18 шілдеден кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т. 2) т., 113-11-б. 1-т)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
03 июня 2026