Аққыр және М.Шәменов атындағы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына, 113–1-бабы 1–тармағының 2) тармақшасына және 2–тармағына сәйкес Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жалағаш ауданының Аққыр және М.Шәменов атындағы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалсын.
  2. Жалағаш ауданының Аққыр және М.Шәменов атындағы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық «Жалағаш жаршысы » газетіне жариялансын және Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев 

Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова

 

АСК-24/187

03 маусым 2026 года

Дата публикации
03 июня 2026