2026 жылғы 21 маусымға тағайындалған Жалағаш ауданының Жанаталап ауылдық округінің әкімінің сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасы мен 113-5-бабының 1, 6, 8, 9, 10 тармақтарына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Абдыкалыков Куаныш Боранбекович, Ермахан Бексұлтан Ғалымбекұлы, Мамытов Жандос Мұстафаұлы Жанаталап ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркелсін.
  2. Абдыкалыков Куаныш Боранбекович, Ермахан Бексұлтан Ғалымбекұлы, Мамытов Жандос Мұстафаұлы Жанаталап ауылдық округі әкіміне кандидаттар куәлігі берілсін.
  3. Абдыкалыков Куаныш Боранбекович, Ермахан Бексұлтан Ғалымбекұлы, Мамытов Жандос Мұстафаұлы Жанаталап ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркелгені туралы хабар Жалағаш әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне және жергілікті бұқаралық ақпарат құралына жариялансын.

 

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы  Ш.Қалыбаев

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы  Д.Қожақұлова

 

 

АСК -125

29 мамыр 2026 жыл

Дата публикации
29 мая 2026