Жалағаш ауданының Ақсу ауылдық округі әкіміне кандидат Оспанқұлов Сейілбек Қалдыбекұлын қолдаған сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес және Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы мен Жалағаш аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 18 актісін негізге алып, Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

 1.2026 жылғы 21 маусымға тағайындалған Жалағаш ауданының Ақсу ауылдық округі әкімінің сайлауында Ақсу ауылдық округі әкіміне кандидат Оспанқұлов Сейілбек Қалдыбекұлы Ақсу ауылдық округі сайлаушыларының жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.

 2.Ақсу ауылдық округі әкіміне кандидат Оспанқұлов Сейілбек Қалдыбекұлын қолдаған сайлаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері,  кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.

 3.Осы шешім Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

  Жалағаш аудандық сайлау  комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев

 Жалағаш аудандық сайлау  комиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова

 

АСК -122

28 мамыр 2026 жыл     

Дата публикации
28 мая 2026