Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылдық округі әкіміне кандидат Мамытов Жандос Мұстафаұлын қолдаған сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес және Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы мен Жалағаш аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 16 актісін негізге алып, Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

 1.2026 жылғы 21 маусымға тағайындалған Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылдық округі әкімінің сайлауында Жаңаталап ауылдық округі әкіміне кандидат Мамытов Жандос Мұстафаұлы Жаңаталап ауылдық округі сайлаушыларының жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.

 2.Жаңаталап ауылдық округі әкіміне кандидат Мамытов Жандос Мұстафаұлын қолдаған сайлаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері, кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.

 3.Осы шешім Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 Жалағаш аудандық сайлау  комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев

 Жалағаш аудандық сайлау  комиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова

 

АСК -120

28 мамыр 2026 жыл     

Дата публикации
28 мая 2026