2026 жылғы 21 маусымға тағайындалған Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылдық округі әкімінің сайлауында кандидат Абдикалыков Куаныш Боранбековичты Қазақстан Республикасының заңнамаларында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2-бабына, 4-бабының, 36-2 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің 2026 жылғы 26 мамырдағы №02-10/860 хатының негізінде Жалағаш ауданының аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылдық округі әкіміне кандидат Абдикалыков Куаныш Боранбековичтың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын. 
  2. Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
  3. Осы шешім Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                               Ш.Калыбаев

Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                                Д.Қожақұлова

 

АСК-107

26 мамыр 2026 жыл

Дата публикации
26 мая 2026