«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жалағаш ауданы Ақсу және Жаңаталап ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 21 маусымға тағайындалсын.
- Жалағаш ауданы Ақсу және Жаңаталап ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне жариялансын және Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Калыбаев
Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қожақұлова
АСК-24/179
13.05.2026 ж.