

«109» БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ
Қызылорда облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығы жанында «109» тәулік бойы Бірыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі-ББО-109) жұмыс істейді. Тұрғындар «109» қысқа телефон нөміріне қоңырау шала алады. Стационарлық және мобильді нөмірлерден қоңырау шалу тегін.
ББО-109 азаматтардың коммуналдық қызметтерге және өңір азаматтарының тыныс-тіршілігі мәселелері бойынша жауапты ұйымдарға жіберілген өтініштерін тіркеу және халықтың тыныс-тіршілігіне байланысты мемлекеттік, тұрғын үй-коммуналдық және басқа да қызметтерді алуға байланысты проблемалық мәселелерді жедел анықтау және шешу үшін құрылған..
ББО-109 негізгі міндеттері:
Сонымен қатар, ББО-109-да +7 (771) 700 01 09 телефон нөмірі бойынша «WhatsApp» мессенджері арқылы келіп түсетін және интернет кеңістігінде жарияланатын өтініштер тіркеледі. Барлық өтініштерді Ахуалдық орталықтың қызметкерлері оларды тіркеу кезеңінен бастап жауапты мемлекеттік органның орындауына дейін бақылайды.