|
1
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларының 9-тармағының қазақ тіліндегі мәтіні:
«9. Үлгілік жобалар бойынша тұрғын үй салу және сатып алу бюджеттен тыс қаражаттан қаржыландырылады.
Бекітілген үлгілік жобалардың құны мен ауданынан асып кеткен жағдайда қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бюджеттен тыс көздер есебінен жүзеге асырылады.».
Орыс тіліндегі мәтіні:
«9. Строительство и приобретение жилищ по типовым проектам финансируются из бюджетных и внебюджетных средств.
В случае превышения стоимости и площади утвержденных типовых проектов финансирование осуществляется за счет внебюджетных источников, не противоречащих законодательству Республики Казахстан.».
Яғни, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндер сәйкес келмейді.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларының 9-тармағының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерін сәйкестендіру туралы ұсыным хат жолдау
|
2026 жыл ішінде
|
орындалды
(17.07.2026 жылғы
№08-7/2102 хат)
|
|
1
|
Ауданда тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, ауыл шаруашылық, мелиорациялық машиналарды мемлекеттік тіркеу, олардың кепіл туралы шарттарын тіркеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/267 бұйрығымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары (әрі қарай - Қағидалар) негізінде Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімімен жүзеге асырылады. Алайда, Қағидаларда ҚР Азаматтық кодексінің 320-бабына сәйкес кепіл берушіге міндеттеменің орындалмағаны туралы хабарламаны, кепілге салынған мүліктің саудасы туралы хабарламаны тіркеу тәртібі айқындалмаған.
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/267 бұйрығымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына ҚР Азаматтық кодексінің 320-бабына сәйкес кепіл берушіге міндеттеменің орындалмағаны туралы хабарламаны, кепілге салынған мүліктің саудасы туралы хабарламаны тіркеу тәртібін айқындау үшін өзгерістер енгізу жөнінде ұсыным хат жолдау.
|
2026 жыл ішінде
|
орындалды
(17.07.2026 жылғы
№08-7/2101 хат)
|
|
1
|
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 729-бабының 1-тармағымен ауданның жергілікті атқарушы органдарына осы кодекстің 451-бабының он алтыншы бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарауға құзырет берілген. Алайда «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының тақырыбында «аудандардың» деген сөз болғанымен осы бабтың 2-тармағында аудандардың жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру құзыреті берілмеген.
|
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағын «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 729-бабының 1-тармағына сәйкестендіру жөнінде ұсыным хат жолдау.
|
2026 жыл ішінде
|
орындалды (02.10.2026 жылғы
№ 04-2/231 хат)
|