

Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық және қоғам институттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде жұмыстар атқарылып келеді.
Жалағаш ауданы бойынша бүгінгі таңда әділет органдарында тіркелген 25 үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 12-і қоғамдық қор болса, қалған 13-і қоғамдық бірлестіктер.
13 қоғамдық бірлестік және 6 қоғамдық қор ҮЕҰ Дерекқорлар базасына енгізілген. 6 қоғамдық қор жұмысын уақытша тоқтатқан.
Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты аудан көлемінде 14 мешіт жұмыс жасайды.
Ауданның медиа кеңістігінде қазіргі таңда 1 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, атап айтқанда «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті жұмыс жасап, Жалағаш ауданы бойынша қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын ақпараттандыруда.