

Аудан көлемінде көлік кешенінің жағдайын талдау, даму болашағын анықтау, барлық көлік түрлерінің бәсекелестігін қамтамасыз ету және аудан халқына жоғары деңгейде қызмет көрсету саясатын жүргізу. Жергілікті инженерлік коммуникациялардың, кәріз және ауыз су жүйелерінің, жолаушылар көлігі кешені мен автожолдардың жай-күйін талдау, оларды дамытудың негізгі бағыттарын анықтау және сақтап, күтіп ұстау.
Ауыз су, электр қуаты, басқа да коммуналдық төлемдердің орындалуына ықпал жасау. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің нарықтық жұмысын зерттеу арқылы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйелерін жетілдіру.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілері мен мекемелерін күзгі-қысқы мерзімде үзіліссіз жұмыс істеуге дайындау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды қамтамасыз ету және сол объектілерді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен жұмсалатын қаражаттың көлемін зерттеу, жұмыстардың түрі мен көлемінде тендерлер (конкурстар) өткізуді ұйымдастыру.
Жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту, әділетті бәсеке туғызу және көлік қызметінің дамуын қамтамасыз ету мақсатында аудан көлеміндегі жолаушы тасымалдау бағыттарына ашық тендерлер ұйымдастыру, барлық елді мекендердегі автобус қозғалысын реттеу, жолдардың және аялдамалардың жөнделуін қамтамасыз ету.
Елді мекендердегі көркейту-көгалдандыру жұмыстарының орындалуын қадағалау және оның орындалуына ықпал жасау.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі -Заң) 71-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармақшасына сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.
Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды бөлек тізім бойынша есепке алады:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
- Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
-"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға
-Халықтың әлеуметтiк аз қамтылған топтарына
-Мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
-Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға немесе жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, көпбалалы аналарға, жетімтер мен ата-ана қамқорлығынсыз өскен балаларға бірінші кезекте алуға кепілдік береді.