ХАБАРЛАНДЫРУ
Таң ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына сәйкес, Таң ауылдық округі әкімі аппаратының «Таң ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны:
2025 жылғы 4 маусым, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округі, Таң ауылы, Сегізбай би көшесі №10 үй.
Кәсіпорынның атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны, негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Таң ауылдық округі әкімі аппаратының «Таң ауылдық мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Таң ауылдық округі, Таң ауылы, Орынбай жырау көшесі №12 үй, индекс: 120213; Телефоны: 8-724-31-37-1-12; Кәсіпорынның қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
білімі:
кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
жұмыс өтілі:
мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.
конкурсқа қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейін күнтізбелік 7 (жеті) күн.
Анықтама үшін: 8(724)31-37-1-63. Электронды мекен-жай:tanakimat@mail.kz
Мемлекеттік кәсіпорынның
басшысын тағайындау және
аттестаттау жүргізу, сондай-ақ
оның кандидатурасын
келісу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________
(конкурс өткізу туралы шешім
қабылдаған тиісті саланың
уәкілетті органының
(жергілікті атқарушы
органның не аудандық маңызы
бар қала, ауыл, кент, ауылдық
округ әкімі аппаратының)
атауы)
Конкурсқа қатысуға өтініш
Мені, ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
__________________________________________________________________
(кәсіпорынның атауы)
кәсіпорнының басшысы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Менің дербес деректерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан жинауға және өңдеуге өз келісімімді білдіремін.
Ұсынылған құжаттардың анықтығын растаймын және көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапкершілік аламын.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен-жай _______________________________________________________
Байланыс телефондары ______________________________________________
e-mail: ____________________________________________________________
ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _____________________________________
_________ _________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы "____" _______________