GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
Құрылыс
20 октября 2026
ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ КҮНДЕЛІКТІ БАҚЫЛАУДА
Аудан әкімі Ерлан Төрәлиев Жалағаш кентіндегі Дәуімбай елді мекенінде салынып жатқан 16 пәтерлі тұрғын үйдің, Ақтерек жер учаскесіндегі 50 пәтерлі тұрғын үйдің және теміржол вокзалы ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты.
🔹 «Құрылыс сапасын күнделікті бақылауда ұстаңыздар. Халық бұл үйлерді асыға күтіп отыр. Сондықтан, құрылыс барысында ешқандай кемшілікке жол берілмеуі тиіс. Әр нысан қатаң бақылауда болып, белгіленген мерзімнен кешіктірмей, ел игілігіне табыстауымыз керек», - деді аудан әкімі Е.Төрәлиев.
🔹 Сондай-ақ, аудан әкімі құрылыс материалдарының сапасына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне назар аударып, жұмыстардың белгіленген нормаларға сай жүргізілуін ескертті.
Дін
15 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
АКЦИЯ
Жат ағымдарға жол жоқ !
14.10.2026 жылы Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімі және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жалағаш кентінің такси тұрақтарында қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған халық көп шоғырланатын жерлерде, орталық базарда мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру, аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында акция өткізіліп, ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құрылыс
15 октября 2026
АУДАН ӘКІМІ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАДЫ
Кеше аудан әкімі Ерлан Төрәлиев Жалағаш кентінде салынып жатқан жаңа теміржол вокзалын аралап көріп, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын бақылады.
🔹Жобаның бас мердігері – «Р и А Сервис ЛТД» ЖШС.
🔹Қазіргі таңда ғимараттың ішкі қабырғаларына әрлеу жұмыстары жүргізіліп, нысан аумағы жобаға сәйкес абаттандырылуда. Аудан әкімі құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.
🔹Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды, вокзал аумағын талапқа сай абаттандырып, көркейту жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды.
15 октября 2026
ОРТАЛЫҚ АЛАҢНЫҢ КӨРКІН КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жалағаш кентінің орталық алаңы аумағындағы бүлінген жерлер ретке келтіріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, алаң аумағындағы бордюрлер әктеліп, тазалық пен көріктендіру жұмыстары атқарылды.
Қоғамдық орындар – баршаға ортақ мекен. Сондықтан айналамызға жанашырлықпен қарап, тазалық пен тәртіпті сақтауға үлес қосайық. Бір-бірімізге құрметпен қарап, ортақ ортаны күтіп ұстау – әр тұрғынның азаматтық жауапкершілігі екенін сезінейік!
Жан-жағымызды бүлдірмеуге тырысайық!
Спорт
14 октября 2026
АУДАНЫМЫЗДЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ СПОРТШЫЛАРЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА!!!
Үстіміздегі жылдың 13 қазан күні аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде ауыл спортшылары арасында өткен «Алтын күз – 2026» XXXIX облыстық спартакиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
🔹 Салтанатты шараға аудан әкімі Ерлан Төрәлиев қатысып, жарысқа қатысушыларды спорттық доданың аяқталуымен құттықтады.
🔹 Бес күнге созылған дүбірлі дода аясында спорттың 16 түрінен жарыстар ұйымдастырылып, облыстың 7 ауданынан келген 1500-ге жуық спортшы өзара бақ сынады. Қатысушылар спорттық шеберліктері мен жеңіске деген жігерін көрсетіп, тартысты бәсекенің көркін қыздырды.
🔹 Спартакиада қорытындысы бойынша командалық есепте Жалағаш ауданының спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді. Ауданымыздың намысын қорғаған спортшылар туған жердің мерейін үстем етіп, жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырынан көрінді.
🏆 Жалпыкомандалық есептің қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Жалағаш ауданы;
🥈 ІІ орын – Сырдария ауданы;
🥉 ІІІ орын – Қазалы ауданы;
🏅 IV орын – Жаңақорған ауданының спортшылары иеленді.
🔹 Жарыс барысында үздік нәтиже көрсеткен командалар мен спортшылар марапатталып, жеңімпаздарға құрмет көрсетілді.
12 октября 2026
ИГІ ІСКЕ ЖҰМЫЛҒАН ҚОС ҰЖЫМ
Жалағаш кентінің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу мақсатында Жалағаш кенті әкімі аппараты мен «Жалағаш қызмет» мекемесінің ұжымдары сенбілік жұмыстарына белсене қатысты.
Сенбілікке Жалағаш кентінің әкімі Қайрат Жапбасбаев өзі бастап, тазалық жұмыстарына тікелей атсалысты. Кент әкімі белгіленген аумақта шөп шабу жұмыстарын жүргізіп, ұжымға үлгі көрсетті.
Игі іске жұмылған қос ұжым кент аумағын абаттандыруға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Спорт
12 октября 2026
«АЛТЫН КҮЗ – 2026» ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
10 қазан күні Жалағаш кентінің орталық стадионында «Алтын күз – 2026» ауыл спортшыларының ХХХІХ облыстық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Ерлан Төрәлиев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев қатысып, спортшыларды дүбірлі доданың басталуымен құттықтады.
🔹 Спорт ардагері Сұлтан Бекжанов спортшыларға ақ батасын берді. Салтанатты рәсім барысында спартакиада алауын аудан спортшылары жақты.
🔹 Ашылу салтанаты мерекелік концертке ұласты. Кеш қонақтары, жерлесіміз, белгілі әнші Мыңбай мен Руслан Табын сахна төрінде көпшілікке кеңінен танылған хит әндерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.
🔹 Айта кетейік, «Алтын күз – 2026» облыстық спартакиадасы аясында 16 спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылып, 7 ауданнан келген 1500 спортшы бақ сынауда.
Қоғамдық даму
07 октября 2026
1 ҚАЗАН КҮНІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ
1 қазан күні Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде  Халықаралық қарттар күніне орай аудан әкімі Ерлан Төрәлиевтің қатысуымен мерекелік салтанатты жиын өтті.
🔹Жиында аудан әкімі ардагерлерді мерекемен құттықтап, олардың ел дамуына қосқан үлесі мен кейінгі ұрпаққа берер тағылымын атап өтті.
🔹«Құрметті ардагерлер! Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің өмірден түйген тағылымдарыңыз бен елге сіңірген еңбектеріңіз әрдайым кейінгі ұрпаққа өнеге. Сіздер – зейнет жасында болсаңыздар да, ауданның қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласып, жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беріп келесіздер. Бұл – сіздердің қоғамдағы зор беделдеріңіздің, елімізге деген адал жанашырлықтарыңыздың айқын көрінісі. Мемлекет тарапынан ардагерлерге жасалып жатқан қамқорлық жылдан-жылға артып келеді. Ауданда ашылған «Руханият» орталығынан ардагерлер ұйымына арнайы кеңсе беріліп, ардагерлердің бас қосып, жастармен тағылымды кездесулер өткізуіне барлық мүмкіндік жасалды. Бүгінде сіздер осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жастарға ақыл-кеңестеріңізді айтып, өмірлік тәжірибелеріңізбен бөлісіп келесіздер. Өмірлік тәжірибелеріңіз бен парасатты болмыстарыңыз – кейінгі буын үшін баға жетпес байлық. Сіздердің елге сіңірген еңбектеріңіз бен өнегелі жолдарыңыз әрдайым құрметке лайық. Әрдайым ұрпақтарыңыздың қуанышын көріп, елдің құрметіне бөленіп жүре беріңіздер!» – деді Е.Төрәлиев.
🔹Мерекелік шара барысында аудан әкімі бір топ еңбек ардагерін «Жалағаш ауданының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттап, облыс әкімінің және аудан әкімінің мерекелік құттықтауларын табыстады.
🔹Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Алиев сөз сөйлеп, бірқатар ардагерге «Жалағаш ауданының құрметті ардагері» медалін табыстады.
🔹Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Білім
07 октября 2026
ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Ұстаздар күніне орай мерекелік салтанатты жиын өтті. Жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғани Сүлейменов аудан әкімінің атынан ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.
🔹«Ұстаз – жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, олардың тұлға болып қалыптасуына бағыт-бағдар беретін ардақты маман. Сіздердің еңбектеріңіз елдің ертеңі үшін маңызды. Ұстаз еңбегін бағалау, мәртебесін көтеру – басты міндеттердің бірі. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Еңбектеріңізге табыс, шәкірттеріңізге биік жетістіктер тілеймін. Әрдайым абырой биігінен көріне беріңіздер!», – деді Ғани Сүлейменов.
🔹Салтанатты жиында бір топ ардагер ұстаздар мен білім саласының үздік мамандары «Жалағаш ауданының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен, облыс әкімінің және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен, облыстық білім басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен және құттықтауымен марапатталды.
🔹Мерекелік шара барысында аудан өнерпаздары ұстаздарға арнап ән шырқап, өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама мерекелік жиынның мазмұнын толықтырып, ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қоршаған орта және абаттандыру, көгалдандыру
21 сентября 2026
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ
Аудан әкімі Ерлан Төрәлиевтің қатысуымен Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
🔸Іс-шараға ауданның зиялы қауым өкілдері мен еңбек ардагерлері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер және экологиялық бастамаларды қолдаушы белсенді азаматтар қатысты.
🔸Тазалық жұмыстарына қатысушылар белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіруге ат салысты.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы