Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жер қатынастары

Жалағаш кентінің жалпы жер көлемі 1436 га, жан басына шаққандағы жер көлемі 0,1 га, жайылымдық  жер 854 га, егістік жер 429 га.

Қазіргі уақытта Жалағаш кенті бойынша тұрғын үй салу үшін жер учаскесінің кезегінде тұрған азаматтар саны - 2922.

Жалағаш кентіндегі Дәуімбай учаскесінен жеке тұрғын үй құрылысы үшін дайындалған 60 гектар жер учаскесі бойынша 285 азаматқа  және «Береке» учаскесінен жеке тұрғын үй құрылысы үшін  дайындалған 43 гектар жер учаскесінен 185 азаматқа табысталды. 

Дәуімбай учаскесі бойынша – 175 азамат қазіргі кезде құрылыс салып,  жер учаскелерін жеке меншікке алған.

«Береке» учаскесі бойынша 43 гектар жер учаскесі 185 азаматқа тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскесі белгіленіп, табысталды. Құрылысы аяқталған үйлер саны – 89.

2018-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Жер кодекісі” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы кодексінің 81-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 41 азаматтың мақсатына сай пайдаланылмаған жеке тұрғын үй құрылысы үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен табысталған жер учаскелерінің жер пайдалану құқығы мерзімінің өтуіне байланысты, жер учаскелерінің пайдалану құқығы тоқтатылып, 2009 жылдың басында кезекте тұрған 41 азаматқа  Жалағаш аудандық жер комиссиясының хаттамалық шешімі негізінде жер учаскесі уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 3 (үш) жыл мерзімге табыстау мүмкіндігі бойынша оң қорытындысы  қабылданып, азаматтарға құжаттары табысталды.

Қазіргі кезде 14  азамат құрылыс жұмыстарын (жерін көтеріп, ірге тасын  құйып) бастаған.

Сонымен қатар 7 азамат түрлі себептермен табысталған жер учаскелерін өз ерктерімен қайтарды.

Аудандық  жер қатынастары  және ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен бірлесіп,  «Дәуімбай» және «Береке» учаскелеріндегі жеке тұрғын үй құрылысы үшін табысталған жер учаскелерінің иелеріне жерді мақсатына сай пайдалану керек екені туралы түсіндіру жұмыстары  сонымен қатар уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен табысталған мерзімдері аяқталған азаматтардың жерлеріне тексеру жұмыстары жүргізіліп, жер учаскелерінің жер пайдалану құқығы тоқтатуға жұмыстар жүргізілуде.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы