
Жалағаш кентінде 1465 жеке кәсіпкер мен заңды тұлғалар жұмыс істейді. Жуырда өз жұмысын бастаған «Далида», «Ырыс» сауда орталықтары, “Өркен әлем” ЖШС, "Агрохолдинг Қызылорда" ЖШС, «Айбибі», «Ал-Нұр» салтанат сарайы мен тағы басқа кәсіпкерлік нысандар өз кәсіптерін дөңгеленте отырып, қаншама адамды тұрақты жұмыспен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне де үлесін қосып отыр. «Адима» жеке кәсіпкер арқылы 5 тонна қағаз, картон қалдықтарын жинақтап, қайта өңдеуден өткізді.