
«Жалағаш кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мұқтаж адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №114-ІҮ «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығымен бекітілген "Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына" сәйкес жұмыстар жүргізеді.
Бөлімшеде бірінші және екінші топтағы мүгедектерге және егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (жалғызбасты қарттар), психоневрологиялық ауруы бар балаларға, өздігінен жүріп-тұруының және өзіне-өзі қызмет көрсету деңгейі шектелуіне әкелген тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға мамандандырылған медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде қызметтер көрсетіледі.
2023 жылдың 1 қарашасына 45 мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 29 балаға қызмет көрсетілуде. Әлеуметтік қызметкерлер медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мүгедектік туралы анықтамасы және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі бітуіне қарсы өздеріне бекітілген балаларын сараптамадан, медициналық тексеруден өтуіне, тиісті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуіне жәрдемдеседі.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектерге және егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (жалғызбасты қарттар) 52 мұқтаж азаматтарға тәуліктің күндізгі уақытында жылжымалы апталық кестеге сәйкес, әр қызмет алушының үйіне аптасына 2-3 рет барып әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетеді.
Мұқтаж азаматтарға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік -психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтермен кент көлемінде жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге, психоневрологиялық ауруы бар балаларға, өздігінен жүріп-тұруының және өзіне-өзі қызмет көрсету деңгейі шектелуіне әкелген тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға бөгде адамның күтімін қажет ететін 97 адамға 20 әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.